Дубирбаева Ботагоз Пирназаровна
ӘОЖ 373
КБК 74.266.3
Қ 11
Құрастырушы автор: Дубирбаева Ботагоз Пирназаровна - Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылы №37 мектеп – лицейінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікір жазған:
А.Ш.Орақова - Абай ат. ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан
білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, ХҒБҚ орталығының ғылыми кеңесшісі
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2024 ж. «25» шілде № 76 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» Авторлық бағдарлама / Құраст.авт.: Дубирбаева Ботагоз Пирназаровна - Алматы «International Insight Academy», 2024. – 101 бет.
ISBN 978-601-02-1745-7
Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты — оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Диалогтық оқыту модулі- қазақ тілі сабағында қолданылатын модульдердің тиімдісі. Қазақ тілі сабақтарында диалог, әр кезеңде кездеседі, топтық жұмыста, жұппен, бір-бірімен әңгімелескен уақытта. Сабақтағы диалогтың маңыздылығы – оқушылар өз ойларын айту үшін, жаңа құндылықтарды игеруге әр түрлі тәсілдерді іздейді. Оқушыларды топқа бөлгенде, әр түрлі ұстанымдарды қолданып, қазақ тілінен ережелерді қайталауға көмектеседі. Осы орайда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы авторлық бағдарламаның оқушы үшін пайдасы зор.
© Құраст. Авт: Дубирбаева Ботагоз Пирназаровна
© «International Insight Academy», 2024
ISBN 978-601-02-1745-7