ТЛЕУБЕРЛИНА ГУЛЬЖАН ОМИРЖАНОВНА
ӘОЖ 373
КБК 74.266.3
А 11
Құрастырушы автор: Тлеуберлина Гульжан Омиржановна - Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікір жазған:
А.Ш.Орақова - Абай ат. ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, ХҒБҚ орталығының ғылыми кеңесшісі
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2024 ж. «23» қыркүйек № 40 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.
«Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі нақыл сөздерді оқушыларға меңгерте отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» Әдістемелік көмекші құрал / Құраст.авт.: Тлеуберлина Гульжан Омиржановна - Алматы «International Insight Academy», 2024. – 75 бет.
ISBN 978-601-02-1745-9
Бұл әдістемелік көмекші құралда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады. Мектеп мұғалімдері үшін арнайы әзірленген бұл құрал оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ұлттық құндылықтарды терең меңгертуге бағытталған. Нақыл сөздер арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын кеңейту және олардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру басты назарда. Құралда ұсынылған әдістер оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға және балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектеседі.
© Құраст. Авт: Тлеуберлина Гульжан Омиржановна
© «International Insight Academy», 2024
ISBN 978-601-02-1745-9