ДЕМЕУОВА ПЕРНЕКУЛ БАЙДИЛЛАЕВНА
ӘОЖ 373
КБК 74.266.4
Ш 15
Құрастырушы автор: Демеуова Пернекул Байдиллаевна - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Пікір жазған:
Абай ат. ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан
білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры,
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі - А.Ш.Орақова
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2024 ж. «08» сәуір
№ 265 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.
Ш 15 «Шебер қолдар» / Құраст.авт: Демеуова Пернекул Байдиллаевна - Алматы «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2024. - 89 бет.
ISBN 978-601-02-1690-8
Авторлық бағдарлама - 5-сынып оқушыларына арналған көркем еңбек пәнінен жасалған маңызды еңбек болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың қолөнер дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін кеңейту және әр түрлі материалдармен жұмыс істеу біліктіліктерін арттыру.
Бағдарлама әр оқушының жеке қабілетін ашуға және олардың шығармашылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл бағдарлама әлеуметтік дағдыларды, жұмыс істеу барысындағы өзара ынтымақтастық қабілеттерін жетілдіре түседі, бұл оқушылардың әлеуметтік және кәсіби дайындығына оң ықпал етеді.
.
© Құраст. Авт: Демеуова Пернекул Байдиллаевна
© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2024
ISBN 978-601-02-1690-8