БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

222

БЕГИМБАЕВА БОТАГОЗ СУЛЕЙМЕНОВНА

 

Қызылорда жоғары   көпсалалы колледжінің

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»  мамандығының пән оқытушысы

 

             ... Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет... 

                                                                  Бауыржан Момышұлы 

         «Ұстаздық кәсіп» иесін көргенде, әрбір адамның есіне Бауыржан атаның осы нақыл сөзі түседі. Әрбір ұстаз, оқытушы, мұғалім ең алдымен  « Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» деген Абай атамыздың мағыналы сөзіне сүйене отырып, бірінші кезекте адамгершілік белгілерінің басты шарттарын назарда ұстап іскерлік пен дағдылардың арқасында баламен қарым – қатынас жасауда әдепті болуы шарт. 

           Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз -  өміріне  тәлім – тәрбие арқылы қалыптасады. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін қалыптастыруға қосатын үлесі өте көп.

           Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып, жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы мәселені шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін оны дамыту жолдарын толық түсінуі керек. 

           Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдерде бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процес күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. 

         Жас бала үшін мәселені шешудің бірінші құралы оның практикалық іс – әрекеті. Бала мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс – әрекет жасайды. Мұның мәнісі шешуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс – әрекетінің  қатысуымен шешілуінде. Ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі – сөздік өрнектер арқылы ойлау болып табылады, тіпті жас баланың ойы «ең ақылды» деген маймылдың ойлауынан түбегейлі айырмашылығыда осы арада. Ойлаудың ерекшелігі – қортындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп, нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар ойлау жолымен ашылады. Ойлау – танымның соңғы сатысы. Оның айрықша ерешелігі сөзбен тығыз байланыстылығы. Ойлау мен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы беріледі. Шындықтағы себеп – салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік формалар мен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отырып, бұларды бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды жалпылайды. Ойлау арқылы заң ереже түйінделеді, фактілер қортылады, электронды күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың жай – күйін танып біледі.  Ойлау, шындық, жанама жолмен танылады. 

           Бастауыш оқушыларының ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады.Бұл деңгейдегі оқушылардың оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды; қимыл, сөйлеу, таным, ойлау, өзін – өзі тәрбиелеу т.б. 

         Мұғалімнің міндеті – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой – әрекетін қалыптастыру. Осы жолда танымдық белсенділіктің мынандай көріністері бар; 

  1. Білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы;
  2. Бастауыш сынып оқушысының өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы, пікір – талас туғызуға деген ықыласы; 
  3. Оқушының материалды өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы.

       Сабақтар процесінде оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болған жағдайда, оқушыларда ақыл қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т.б.

Оқыту процесі өзіне екі міндет қояды; Біріншіден, балаларға білім беру, екіншіден, оларды жан – жақты дамыту. Ақыл – ой дамуы танымдық қабілеттерінің дамуы мен адамның гормониялық дамуының құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту процесіндегі іс – әрекет өзіне екі міндетті ала отырып, ойлау әректінің дамуын көрсететін белгілерді анықтау педагогикалық психологияның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оқыту мен дамытудың өзара қарым – қатынас мәселелері ақыл – ой дамуының белгілерін нақты анықтау негізінде тұжырымдалады. Ол белгілер бойынша, оқыту әдістері мен мазмұны дамуға қалай әсер етеді, оның негізінде дамудағы қозғалысты қалай көруге болады деген сұрақтарға жауап аламыз. 

        Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу, тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізуге міндетті. Себебі ой тәрбиесі адамның психологиясын жан – жақты етіп тәрбиелеу мен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну, қабылдаудан басталады. ТІлді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру және сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала әсіресе қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.